$ 474.72  515.17  5.58

Астанада 3 көлік соқтығысты: бір адам қаза тапты

Мұхамедханов пен Омаров көшелерінің қиылысында болған.

Фото: Pixabay
Фото: Pixabay

Астанада автобус, жүк көлігі және жол талғамайтын көлік соқтығысып, ірі жол апаты болды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Оқиға орнында бір әйел көз жұмды, деп жазады baq.kz.

Астана Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, жол апаты Мұхамедханов пен Омаров көшелерінің қиылысында болған.

Мұхамедханов-Омаров қиылысында жүк көлігі, жолаушылар автобусы және Toyota Prado көлігі соқтығысқан жол-көлік оқиғасы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Оқиға орнында жедел-тергеу тобы жұмыс істеп жатыр, - деп жазды қалалық полиция департаменті.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары