$ 494.87  520.65  4.91

Рыбакина жарақат алып қалды

Қатарынан 3 турнирде өнер көрсету оңай емес.

Фото: ktf.kz
Фото: ktf.kz

Қазақстанның бірінші, әлемнің 4-ракеткасы Елена Рыбакина денсаулығына байланысты Дубай WTA 1000 турнирінің ширек финалдық ойынына қатысудан бас тартты, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Қазақстандық теннисші асқазан-ішек жолдарының ауруына қатысты осындай шешім қабылдаған. 

Қатарынан 3 турнирде өнер көрсету оңай емес. Организм шаршағандықтан жарақат алып қалды. Барлығы ойдағыдай болса 6 наурызда болатын Индиан-Уэллс және 19 наурыздағы Miami Masters турниріне қатысады, – деді теннис федерациясының баспасөз хатшысы Асқар Ағатаев. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары