Тыныштықты сақтап, эвакуациялау элементтерін пысықтай отырып, жаттығуды өткізуге қатысуды сұраймыз.
Астана қаласында құлақтандыру жүйесі тексеріледі, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
23 ақпан сағат 10:00-де Астана қаласында Дүниежүзілік азаматтық қорғаныс күні қарсаңына құлақтандыру жүйесін жоспарлы тексеру және түрлі төтенше жағдайлар кезіндегі апаттық жағдайлар мен халықтың іс-әрекеттері бойынша жаттығулар өткізіледі.
Тыныштықты сақтап, эвакуациялау элементтерін пысықтай отырып, жаттығуды өткізуге қатысуды сұраймыз, – делінген ТЖМ хабарламасында.
Тексеру жүргізілген күні сиреналарды, сирена-сөйлеу қондырғыларын іске қосу арқылы қалалық құлақтандыру жүйесі іске қосылады.