$ 494.87  520.65  4.91

Бүгін - Жұбаныш Жексенұлының туған күні

1973 жылы 23 ақпанда Түркістан облысы, Созақ ауданы, Ынтымақ ауылында дүниеге келген.

Фото: jubanishjeksen инстаграм парақшасынан
Фото: jubanishjeksen инстаграм парақшасынан

Бүгін қазақ эстрадасының жарық жұлдызы ҚР еңбек сіңірген қайраткері, "Құрмет" орденінің иегері Жұбаныш Жексенұлының туған күні, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Жұбаныш Жексенұлы 1973 жылы 23 ақпанда Түркістан облысы, Созақ ауданы, Ынтымақ ауылында дүниеге келген. Жұбаныш 8 сыныпта оқып жүргенде-ақ Мәскеу қаласында өткен халықаралық балалар байқауына қара домбырасын арқалап барып қатысып қайтқан. Әншінің анасы Бақытжамал апаның айтуынша, Жұбаныш кішкентай кезінен-ақ музыкаға аса құмар болды. Сондай-ақ ол футболды да кәсіби аяқдопшылардан кем ойнамайтын көрінеді.

Жұбаныш 1991 жылы аудан орталығындағы Ыбырай Алтынсарин атындағы орта мектепті бітіргеннен кейін Жетісай қаласындағы Ғани Мұратбаев атындағы гуманитарлық, педагогикалық колледжін бітірген.

1998-2001 жылы аталмыш колледжде музыкалық жетекші, 2001-2005 жылы Оңтүстік Қазақстан облыстық Шәмші Қалдаяқов атындағы филармонияның әншісі қызметін атқарды. 2006-2013 жылы Алматыға қоныс аударып, «Қазақ әуендері» АҚ қарасты «Гүлдер» мемлекеттік ансамблінде жұмыс істеді. 2005 жылы продюссер Бағлан Омаровтың жетекшілігімен «Өкінбе сен» әніне клип түсіріп, көп ұзамай әнжинағы жарық көрді.

2002 жылы «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне – 10 жыл» мерекелік медалімен және 2011 жылы Мәдениет министрлігінің «Мәдениет қайраткері» төсбелгісімен марапатталған. Жұбаныш Жексенұлын көпшілік әншілігенен бөлек тележүргізуші ретінде де таниды. Ол «Екі жұлдыз», «Ұлттық шоу», «Қазақтың жүз әні» секілді бағдарламаларды жүргізді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 2
Ұнамайды 1
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары