$ 494.87  520.65  4.91

Көкшетауда ХҚКО қызметкері шетелден келген көліктерді заңсыз тіркеп келген

Жалған төлем-есеп айырысу құжаттары арқылы 68 көліктің заңсыз тіркелгені анықталды.

Фото: Pixabay
Фото: Pixabay

Көкшетаудағы Халыққа қызмет көрсету орталығының бұрынғы қызметкері шетелден әкелінген көліктерді заңсыз тіркеген деген күдікке ілінді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы. 

Қаржы мониторингі агенттігінің Ақмола облыстық департаментінің хабарлауынша, қазіргі кезде іс тергеліп жатыр.

«Азаматтарға арналған үкіметтің» Көкшетау қалалық ХҚКО-ның бұрынғы маманымен алдын ала сөз байласып, екі азаматтың жалған төлем құжаттарын қолданып, алымдарды төлемей шетелден келген көліктерді жаппай бастапқы тіркеуді ұйымдастырған», - делінген ҚМА хабарламасында.

Жалған төлем-есеп айырысу құжаттары арқылы 68 көліктің заңсыз тіркелгені анықталды.

«Бастапқы тіркеу үшін алым төлемеу түріндегі мемлекетке келтірілген шығын шамамен 449 млн теңгені құрады», - делінген хабарламада.

ҚР ҚПК 201-бабына сәйкес өзге де ақпарат таратуға жатпайды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары