$ 494.87  520.65  4.91

8 жастағы егіздер әкесіне қажылыққа жолдама алып берген (ВИДЕО)

Осындай салиқалы ұрпақ көбейе берсін.

Фото: Видеодан кадр
Фото: Видеодан кадр

Видео Instagram кеңістігінде тез таралып кетті. Жазылушылар @qonaq.hajj аккаунты иесінің бала тәрбиесіне тәнті болды. Бұл туралы Skifnews.kz ақпарат порталы Stan.kz -ке сілтеме жасап хабарлайды.

Балалар жинақ сандықшасына (копилка) салып ақша жинап, жинақталған сомаға әкелерін қажылыққа жібермек болған. 

8 жасар егіз жинақтағыш  банкіге ақша жинап, әкесінің арманын орындады, - делінген жазбада.

Осындай үлкен сыйлыққа әкесінің шынайы эмоцияларын байқай аласыз.

Желі қолданушылары өздерінің қуанышты пікірлерін қалдырды.

"Мен неге жылаймын? Мен ол жерде ешқашан болмағандай болдым, бір ай бұрын ғана жүрдім", " Қандай керемет. Ең алдымен оның тәрбиесінің көрінісі, қандай керемет балаларды тәрбиеледі", "Осындай салиқалы ұрпақ көбейе берсін", "Машаллах. Керемет", - деп жарыса жазды.

Пікір жазғандар балалардың әрқашан ата-аналарын қуанту мүмкіндігіне ие болуын тіледі.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 1
Ұнамайды 1
Күлкілі 1
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары