$ 494.87  520.65  4.91

Демалыс күндері ауа райы қандай болады

Еліміздің батысындағы температуралық фонда айтарлықтай өзгерістер күтілмейді.

Фото: Pixabay
Фото: Pixabay

«Қазгидромет» 24-26 ақпан аралығында Қазақстанда ауа райы қандай болатынын болжады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Еліміздің солтүстігінде аяздың беті қайтады.Еліміздің батысында антициклонның әсері сақталады, күн жауын-шашынсыз болады.

Болжам бойынша, республиканың қалған бөлігінде, атмосфералық фронттардың өтуімен еліміздің оңтүстігінде және оңтүстік-шығысында жауын-шашын көбіне қар түрінде жауады, тұман, көктайғақ болады. Еліміздің батысындағы температуралық фонда айтарлықтай өзгерістер күтілмейді.

Синоптиктердің болжауынша, ауа температурасы: республиканың солтүстігі мен орталығында түнде 22-35 ℃ аяздан 10-23 ℃ аязға дейін жоғарылайды; шығыста түнде 12-22 ℃ аяздан 23-38 ℃ аязға дейін төмендейді; оңтүстік және оңтүстік-шығыста 8-23 ℃ аязға дейін төмендейді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 1
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары