$ 441.66  475.14  4.86

Алматыда кәмелетке толмаған екі баланы көлік қағып кетті (ВИДЕО)

Көше жарығы нашар болған.

Фото: Видеодан кадр
Фото: Видеодан кадр

Алматыда жолдан жүгіріп өтпекші болған балаларды көлік қағып кетті, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Балалардың қатысуымен болған жол апатының видеосы әлеуметтік желіге шықты. Онда оқиға «Әйгерім» шағын ауданында болғаны жазылған. Сондай-ақ, жол апаты болған жерде көше жарығының нашар болғаны жазылған.

Алматы қалалық полиция департаменті аталмыш жол апаты 22 ақпанда болғанын хабарлады, деп жазады kaz.inform.

«Оқиға Алатау ауданы «Әйгерім» шағын ауданында болды. Көліктің астына кәмелетке толмаған екі бала түсті. Оларға медициналық көмек көрсетілді. Алатау ауданы полиция басқармасының қызметкерлері аталмыш жол апатын өндіріске қабылдады», - деп хабарлады қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары