Самарадан Иранға бет алған ұшақ Каспий теңізіне апатты жағдайда қонуға мәжбүр болды, деп хабарлайды 24.kz.
Маңғыстау облысы төтенше жағдайлар департаменті таратқан мәліметке сәйкес, бүгін жергілікті уақытпен сағат 14.50-де екі ұшқышы бар ұшақ дереу қонуға рұқсат сұраған.
«Экипаж мүшелерін құтқару үшін оқиға орнына «Егемен» күзет кемесі және Атырау қаласынан үш құтқарушы мінген «Ми-8» тікұшағы жетті. Әуе кемесінің экипаж мүшелері дін аман», делінген телеарна хабарында.