$ 494.87  520.65  4.91

Ақмола облысында 20 тонна астық жеп қойған басшы ұсталды

Ақмола облысының Еңбекшілдер ауданында 20 тонна астық ұрлап келген серіктестік басшысы қолға түсті, деп хабарлайды «Қазақпарат».

Бұл туралы облыстық ІІД баспасөз қызметінен хабарлады.

Полицейлердің мәліметі бойынша, аудандық ІІБ кезекшілік бөліміне Яблоновка селосындағы «Балу 2005» ЖШС-нің бас директоры қоймадағы астықтың 3,8 тоннасы жетпей қалғанын айтып шағымданған. Осыған байланысты ҚР ҚК 175-бабының 2-бөлімі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеу амалдары барысында қылмысқа Степногор қаласының 1983 жылғы тұрғыны, яғни, аталған серіктестіктің атқарушы директорының қатысы бар екені анықталды.

Ол бір емес, осыған дейін талай рет қоймадағы астықты жымқырып келген. Нәтижесінде серіктестіктен жалпы көлемі 20,3 тонна астық ұрлап, 800 мың теңгеге шығын келтірген.

Қазіргі кезде күдікті қызметінен босатылып, одан ешқайда кетпеу жөнінде қолхат алынды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары