25.02.2024, 07:30

25 ақпанда күн райы қалай құбылады

Фото: Pixabay

Еліміз бойынша тұман күтіледі.

«Қазгидромет» РМК Қазақстан аймақтарында 25 ақпанда болатын қауіпті метеорологиялық құбылыстарға болжам жасады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Қазақстанның батысында, солтүстік-батысында антициклонның әсерінен жауын-шашынсыз ауа райы сақталады.

Республиканың қалған бөлігінде атмосфералық фронтальды бөліктердің өтуімен қар жауады, жаяу бұрқасын күтіледі, жел күшейеді.

Еліміз бойынша тұман күтіледі.