$ 441.58  480  4.86

Белгілі кәсіпкер Қарағанды облысында жол апатынан қаза тапты

Жұбайы ауруханаға жеткізілді.

Фото: Unsplash
Фото: Unsplash

Қарағанды облысында жол апатынан белгілі кәсіпкер, нан магнаты Петр Васильченко көз жұмды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Жол-көлік оқиғасы Қарағанды-Балқаш тас жолында, Ақшатау ауылы маңында болған, деп жазады inbusiness.kz.

Петр Васильченко басқарған Mercedes көлігі мен Газель соқтығысты. Алған жарақаттарынан неміс көлігінің жүргізушісі оқиға орнында қаза тапты. Жұбайы ауруханаға жеткізілді, – делінген хабарламада.

Петр Васильченко Қарағандыдағы нан өнімдерін дайындайтын "Орион" компаниясының негізін салушы және басқарушысы болған. 

Сондай-ақ 2022 жылы ол Ерлан Нығматулиннен "Балқаш нан" комбинатын сатып алған еді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 1
Ашулы 1

Серіктес жаңалықтары