$ 441.66  475.14  4.86

Желіде қазақ тілін түсінетін иттің видеосы тарады

Тіпті мультфильмді де тек мемлекеттік тілде көргенді ұнататыны көпшіліктің қызығушылығын тудырды.

Фото: видеодан кадр
Фото: видеодан кадр

Әлеуметтік желіде Майлыбек атты иттің иесі түсірген видеолар күннен-күнге танымал болып келеді. Иесі оған тек қазақ тілінде сөйлеп, бұйырса, ит құйрығын бұлғаңдатып, айтқанын екі етпей орындайды, - деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы Аlmaty.tv телеарнасына сілтеме жасап.

Темірлан Тоспаев есімді блогердің иті Майлыбек Instagram әлеуметтік желісінде көптің жүрегін жаулап үлгерді. Тек қазақ тілінде ән тыңдап, билегенді жақсы көреді.

Тіпті мультфильмді де тек мемлекеттік тілде көргенді ұнататыны көпшіліктің қызығушылығын тудырды.

Сүйкімді төбеттің қылықтарына сүйсінген желі қолданушылары түрлі пікір қалдырып, таңданыстарын білдірді. 

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары