27.02.2024, 07:30

Алдағы күндері елімізде күн жылиды

Фото: Pixabay

Күндіз ауа температурасы 0-5 градусқа дейін жетеді.

Синоптиктер Қазақстан аумағы бойынша 27-29 ақпанға арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Синоптиктердің болжауынша, солтүстік, шығыс және орталық аймақтарда атмосфералық фронттардың ықпалынан қар аралас жаңбыр, кей жерлерде қар жауып, жел күшейеді.

Сондай-ақ республиканың оңтүстік және оңтүстік-шығыс бөліктерінің таулы аймақтарында жауын жауып, көктайғақ болады. Тұман түсуі де әбден мүмкін. Бұған атмосфералық фронтальді бөліктер ықпал етеді.

"Еліміздің батысында жоғары қысымды орталық басым болады. Бұл өңірде жауын-шашынсыз, тыныш ауа райы сақталады. Күндіз ауа температурасы 0-5 градусқа дейін жетеді", – деп мәлімдеді "Қазгидромет".