$ 443.37  474.49  4.83

Ұлттық олимпиада комитетінің жаңа құрамы қандай?

Қысқы спорт түрлері бойынша вице-президент: Мамин Асқар Ұзақбайұлы, «Шайбалы хоккей федерациясы» РҚҰ президенті

Фото: Olympic.kz
Фото: Olympic.kz

Бүгін Қазақстан Ұлттық Олимпиадалық комитетінің президенті қызметіне Геннадий Головкин кірісіп, Атқарушы комитет пен Тексеру комиссиясысының құрамында өзгерістер орын алды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

ҚР ҰОК Атқарушы комитеті мен Тексеру комиссясының құрамы өкілеттік мерзімінің аяқталуына байланысты жұмысын аяқтады. ҚР ҰОК Бас Ассамблеясы мүшелерінің дауыс беру қорытындысына сәйкес, Атқарушы комитет пен Тексеру комиссиясына төмендегі құрам сайланды: 

Бас хатшы: Жанар Утешева

Жазғы спорт түрлері бойынша вице-президент: Данияр Абулғазин, «Қазақстан Республикасы үстел теннисі» ҚҰ президенті

Қысқы спорт түрлері бойынша вице-президент: Мамин Асқар Ұзақбайұлы, «Шайбалы хоккей федерациясы» РҚҰ президенті

Жалпы сұрақтар бойынша вице-президент: Мырзабосынов Ербол Қуантайұлы, спорт және дене шынықтыру істері жөніндегі Комитет басшысы

Паралимпиадалық спорт түрлерін дамыту жөніндегі вице-президент: Сәпиев Серік Жұманғалиұлы, Олимпиада ойындарының чемпионы (2012)

Спортшылар Комиссиясының өкілі:

ҚР ҰОК спортшылар Комиссиясының өкілі Рыпакова Ольга Сергеевна, Лондон Олимпиадасының чемпионы (2012), Бейжің Олимпиадасының күміс жүлдегері (2008) және Рио-де-Жанейро Олимпиадасының қола жүлдегері (2016)

Ұлттық спорттық федерациялардың өкілдері: 

Ахметов Даниал Кенжетайұы, «Қазақстан Республикасы жеңіл атлетика федерациясы» РҚҰ президенті

Баландин Дмитрий Игоревич, Олимпиада ойындарының чемпионы  Рио-де-Жанейро (2016)  

Гаджиев Гаджи Шопиевич, «Ауыр атлетика федерациясы» ҚҰ бірінші вице-президенті

Есекеев Қуанышбек Бақытұлы, «Дзюдо федерациясы» РҚҰ президенті

Сүлейменов Диас Төлеутайұлы, «Қазақстан Республикасы Ұлттық шаңғы қауымдастығы» президенті

Өтемұратов Болат Жәмитұлы, «Теннис федерациясы» РҚҰ президенті

Юсупова Әлия Мақсұтқызы, «Қазақстан гимнастика федерациясы» ҚҰ президенті

Тексеру комиссиясының мүшелері:

Төраға: Алпамысов Абай Әбдісәметұлы, «Ұлттық Баскетбол федерациясы» РҚҰ президенті

Комиссия мүшелері Серіков Роллан Серікұлы, Qazaq kuresi федерациясының президенті

Әшімбеков Раббани Абдукамалович, «Қазақстан гимнастика федерациясы» ҚҰ бас хатшысы

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 23
Күлкілі 3
Ашулы 1

Серіктес жаңалықтары