Арматураны пайдаланып, өзге адамдарды ұрған.
Оқыс оқиға Байтұрсынов пен Қабанбай батыр көшелерінің қиылысында болған. Ол жерде бір адам арматураны пайдаланып, өзге адамдарды ұрып жатқан, деп жазады BAQ.KZ.
Аталған жағдайға Алматы қаласының полиция департаменті түсініктеме берді.
Алмалы аудандық полиция басқармасы бұзақылық дерегі бойынша тергеу амалдарын жүргізіп жатыр. Төбелеске қатысушылар анықталып, күдіктілер ұсталды. Олардың әрекетіне құқықтық баға берілетін болады. Басқа мән-жайлар анықталып жатыр,- дейді Алматы қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі.