$ 494.87  520.65  4.91

Азия чемпионаты: қазақстандық спортшыларға 11 жүлде бұйырды

2-6 наурыз аралығында көркем жүзу, 3-9 наурыз аралығында су добынан жүлделер сарапқа салынады.

Фото: ҚР Туризм және спорт министрлігі
Фото: ҚР Туризм және спорт министрлігі

Су спорты түрлерінен Нью-Кларк-Сити (Филиппины) қаласында XI Азия чемпионаты басталды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Сары құрлықтың бәсекесінде 3 жас ерекшелігі бойынша жүлделер сарапқа салынады: А тобы (18 жастан және жоғары), В тобы (15-17 жас), С тобы (14 жас және кіші).

Бүгін бірінші жарыс күнінде жүзу және суға секіру сайыстары бойынша жеңімпаздар анықталды.

Отандық спортшылардың нәтижелері:

Жүзу, А тобы:

Аделаида Пчелинцева, 100 метрге брасс әдісімен жүзу — алтын

Ксения Игнатова, 50 метрге шалқалай жүзу - алтын

Диана Тасжанова, 200 метрге еркін әдіспен жүзу - күміс, 800 метрге еркін жүзу — қола

Әйелдер құрамасы (Аделаида Пчелинцева, Диана Тасжанова, Ксения Игнатова, Софья Сподаренко), эстафета 4х100 метрге еркін әдіспен жүзу — күміс

Жүзу, В тобы:

Егор Попов, 50 метрге шалқалай жүзу — алтын

Арсен Қожахметов, 100 м брасс - күміс

София Абубакирова, 200 м кешенді жүзу - күміс, 50 м шалқалай жүзу - қола

Ерлер құрамасы (Егор Попов, Егор Василенко, Алексей Крученко, Данил Черепанов), эстафета 4х100 метрге еркін әдіспен жүзу — күміс

Суға секіру, А тобы:

Диана Жұмағұлова/Анабелла Кочкина, 3 метрлік тұғырдан синхронды секіру — күміс.

Жүзу жарысы 29 ақпанда, суға секіру сайысы 1 наурыз күні аяқталады. 2-6 наурыз аралығында көркем жүзу, 3-9 наурыз аралығында су добынан жүлделер сарапқа салынады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары