28.02.2024, 07:30

Бірнеше өңірде ауа райына байланысты ескерту жарияланды

Фото: Pixabay

Қарағанды облысында батысында тұман.

28 ақпанда Қазақстанның тоғыз өңірінде ауа райына байланысты ескерту жарияланды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

«Қазгидромет» РМК мәмілеметінше, бүгін Ақмола облысының батысында, оңтүстігінде тұман.

Түркістан облысының оңтүстігінде жауын-шашын (жаңбыр, қар). Облыстың оңтүстігінде, таулы және тау бөктерлі аудандарында тұман түседі. Облыстың таулы аудандарында жаяу бұрқасын. Шығыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, таулы аудандарында күші 15-20 м/с болады.

Ұлытау облысының солтүстігінде тұман түседі.

Қызылорда облысында жел солтүстік-шығыстан соғады, таңертең және күндіз облыстың орталығында, шығысында күші секундына 15-20 метрге жетеді.

Павлодар облысының батысында, оңтүстігінде тұман.

Қарағанды облысында батысында тұман.

Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде тұман түседі.

Ақтөбе облысының солтүстігінде, шығысында тұман.

Жамбыл облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман түседі. Солтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында екпіні 15-20 м/с болады.