28.02.2024, 10:40

«Қарындасының қайғысынан пиар жасап жүр»: Бибісара Асаубаеваның анасы Нүкенованың ағасы туралы

Фото: lianahakimofficial инстаграм парақшасынан

Салтанат сондай жақсы болса Бишімбаевқа не үшін ғашық болды?

Шахматшы Бибісара Асаубаеваның анасы Лиана Танжарикова Қуандық Бишімбаеваның ісіне байланысты өз ойын айтты. Лиана Танжарикованың пікірін журналист Гүлбану Әбенова Facebook желісіндегі парақшасында жариялады, - деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Асаубаеваның анасының айтуынша, ол Айтбек Амангелдіге хат жазған бірақ жауап ала алмаған.

Қызық, бірақ фейсбукке кірмегеніме көп болған еді. Салтанаттың ағасының постына сілтеме жіберді. Мен оған сұрақ қойып инстаграмға жаздым, ол оқыды да жауап бермеді. Жарайды.

Лиана Танжарикованың жазуынша, Салтанаттың ағасының кей әрекеттері жиіркені тудырған.

Қарындасының қайғысына пиар жасап жүргені жиіркенішті. Динараға берген сұхбатын көрдім, оның ойын түк түсінбедім. Үлкен, үйленбеген ер азамат қазан айында қарындасы Павлодарға 14 күнге келген кезде оны әлгі күйеуінен қорғап, Түркияға алып кетуі керек еді. Қарындасының қандай болғанын елге көрсетудің не қажеті бар? Бишімбаевты ешкім ақтап тұрған жоқ, сот өз жұмысын істей береді. Бірақ қарындасын күйеуі бұған дейін де ұрғанын, оның келіп-кетіп жүргенін айтудың не қажеті бар? Жаңа жылдық кеш үшін қарындасына берген 100 мың теңгені не үшін жарияға жар салып айтып отыр.

Шахматшының анасына Нүкеновалардың өмірі мүлде қызық емес екен.

Неліктен олар оны өзі оқыған астрологтардың біріне апармады? Неліктен олар некенің тіркелмегенін де жариялады? Олардың қалай өмір сүргені бізді қызықтырмайды!!! Бишімбаев адам өлтірді, міне, сол үшін ол жауапты. Кісі өлтіру факті бола тұра марқұмның жақсы адам болғанын айта берудің қандай қажеті бар? Салтанат сондай жақсы болса Бишімбаевқа не үшін ғашық болды? Ағасы ақталған сайын ұнамсыз болып барады.

Естеріңізге сала кетейік, Салтанат Нүкенованың ағасы Айтбек Амангелді белгілі журналист әрі жүргізуі Динара Сәтжанға ашық сұхбат берген еді.