$ 441.66  475.14  4.86

Қазақстандық қысқа фильм авторлары Канн фестиваліне қатысады

Жеңімпаздар Франциядағы 77-ші Канн кинофестивалінде өтетін #TikTokShortFilm марапаттау рәсіміне шақырылады.

Фото: egemen.kz
Фото: egemen.kz

TikTok-та жарияланған Қазақстан туралы қысқа фильм авторлары Канн фестиваліне қатысады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен TikTok Қазақстандықтарды қазақ тілді және отандық үздік фильмдер байқауына, сондай-ақ #tiktokshortfilm әлемдік жобасына қатысуға шақырады. TikTok үшінші жыл қатарынан #TikTokShortFilm конкурсын өткізбекші. Байқауда 55 елдің авторлары бүкіл әлемге, миллиардтан астам көрерменге өз шығармашылығын бөліседі.

2024 жылғы 21 ақпаннан 15 наурызға дейін қатысушылар байқау шарттарына сәйкес келетін ұзақтығы бір минуттан асатын түпнұсқа бейнероликті тікелей жариялауы қажет. «Бас жүлде», «Үздік сценарий», «Үздік режиссерлік жұмыс» номинациялар жеңімпаздарын беделді қазылар алқасы анықтайды.

Жеңімпаздар Франциядағы 77-ші Канн кинофестивалінде өтетін #TikTokShortFilm марапаттау рәсіміне шақырылады. «Бас жүлде» номинациясының жеңімпазы 10.000 еуро көлемінде сыйақы алады, қалған екі номинация бойынша үздік жұмыстардың авторларына болашақта шығармашылығын дамыту үшін  5.000 еуродан беріледі.

Сондай-ақ Қазақстан авторлары да дәл сол күндері жергілікті қысқа бейнефильмдер байқауына қатыса алады. «Қазақстандағы ең үздік қысқа фильм» және «Қазақ тіліндегі ең үздік қысқа фильм» атты екі номинация бойынша жұмыстар қабылданды. Байқау жеңімпаздары Канн кинофестиваліне қатысады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары