$ 494.87  520.65  4.91

Бельгиядан келген Жәнібек: Қазақпын ғой! (ВИДЕО)

"Менің оқиғам 4 баланың анасын табуға көмектескеніне қуаныштымын".

Фото: видеодан алынған кадр
Фото: видеодан алынған кадр

«Мың алғыс» мерекелік шарасына қатысқан Жәнібек Савельев алдағы уақытта қазақ жетім балаларға көмектескісі келетінін жеткізді,  деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

 «Қазақстанға келгенде анамды бірден тауып аламын деп ойладым, бірақ бұл мен ойлағаннан қиынырақ болып шықты. Менің оқиғам 4 баланың анасын табуға көмектескеніне қуаныштымын. Бұл менің де анам табылатынына үміт сыйлайды. Қазақстандық достарым көбейді, алдағы уақытта жетім балалардың ата-анасын табуға көмектесетін бір жоба бастағалы жатырмын», - дейді Жәнібек.

Желтоқсан айынан бастап Қазақ радиосының «Бармысың, бауырым?» хабары арқылы биологиялық анасын іздеген Жәнібектің хикаясы 2001-2002 жылдары Арқалықта туған тағы 4 баланың анасымен қауышуына түрткі болды.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ: Анасын таба алмай кеткен Жәнібек елімізге тағы келді

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 12
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары