29.02.2024, 07:30

Еліміздің басым бөлігінде жауын-шашынсыз ауа-райы сақталады

Фото: Pixabay

Қазақстан бойынша тұман, оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында, шығысында желдің күшеюі күтіледі.

"Қазгидромет" РМК Қазақстан аймақтарында 2024 жылғы 29 ақпанда болатын ауа-райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Еліміздің басым бөлігінде антициклонның әсерінен жауын-шашынсыз ауа райы сақталады.

Тек Қазақстанның солтүстігінде атмосфералық фронталды бөліктердің өтуімен қар, оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында жаңбыр мен қар түрінде жауын-шашын жауады. Қазақстан бойынша тұман, оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында, шығысында желдің күшеюі күтіледі.