29.02.2024, 10:00

Терроризмді насихаттады деген күдікпен шымкенттік ұсталды

Фото: ҰҚК

Өзге ақпарат Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабы 1-бөлігіне сәйкес жария етілмейді.

28 ақпанда ҰҚК покуратура органдарының үйлестіруімен және полицияның көмегімен Шымкент қаласының тұрғынын ұстады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Ол әлеуметтік желі арқылы терроризмді насихаттағаны үшін күдіктелуде.

Тергеу нұсқасы бойынша ұсталған ертеректе ұзақ уақыт бойы алыс шет елдердің бірінде тұрып, радикалды идеологияны қабылдаған.

Қылмыстық кодекстің 256-бабы 2-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде.

Өзге ақпарат Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабы 1-бөлігіне сәйкес жария етілмейді.