29.02.2024, 11:00

Жәнібекті сатып жіберген адамның кім екені белгілі болды

Фото: видеодағы кадрдан алынды

Ол Жәнібектің шетелге кетуінің өзі «аналардың» қолымен жасалғанына ашынады.

Танымал тележүргізуші Қымбат Досжан сонау Испаниядан өзінің туған анасын іздеп келген Жәнібекті кезінде шетел асырып жібергендердің ісіне қынжылды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы «1001 түн» бағдарламасына сілтеме жасап.

Ол Жәнібектің шетелге кетуінің өзі «аналардың» қолымен жасалғанына ашынады.

Мен өткен сұхбатымда да айттым. Әйел адам Жәнібек үшін деп бельгиялық азаматшадан өте үлкен мыңдаған еуро көлемінде ақша алған. Келісіммен кәдімгідей қолынан санап тұрып алған. Оның әйел екенін, сол кезде жас келіншек болғанын, отбасы барын, қазір жасы нешеде және қай жерде жұмыс істейтінін, бәрін білемін. Қазір полиция ол кісімен де айналысып жатыр. Біз ана дейміз-дағы, оларға сөз арнаймыз. Ал баламыздың шетел асуына, заңсыз түрде кетуіне тағы да аналардың себі тиіп отыр, - деді тележүргізуші.

Қазір Арқалық перзентханасында сол кезде жұмыс істегендер қазір де қызмет етіп жүр. Тіпті зейнетке шықса да әлі сол кәсіби жұмыстарымен айналысып жатыр. Олардың барлығы сонша жыл өтті, бізден не сұрайсың деген сияқты, бізді тезірек кетіңдерші деген секілді шығарып салды. Бірақ заң бар және сол кезде қылмыс жасалған болса, оған жауап берілуі керек. Ол – қолдың бес саусағындай 5-6 адамның қатысуымен жасалған дүние.

Біз бір ғана Жәнібектің тағдырын айтып отырмыз. Бұл бала егер бізден кеткенде Еуропада керемет отбасына түсіп, әкесі бар, шешесі бар, солардың махаббатына бөленген, солардың мейіріміне сусындаған, қандай ойыншықпен ойнаймын, қандай білім алғым келеді деген секілді өссе, арманы жоқ қой деп айтушы едік. Бірақ олай болмай шықты ғой. Бұл баланы о баста кімге берген, жалғыз, депрессияға жиі ұшырайтын әйелге берген. Жәнібекті тағдырлы бала деп айтатыным сол. Бұл бала бізден кетті, екі жылдан соң тағы балалар интернатына түсті. Сондықтан ғой айтып отырғаным, аналар сүйе де алады, құша да алады. Бірақ ақша үшін, басқа үшін баланы шекара асырып та жібере алады. Осының бәрін жасайтын – әйел», – дейді Қымбат Досжан.