Бұл жайында Елорда әкімдігінің баспасөз орталығы жариялады.
Астана қаласының Дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы лауазымына Левит Василий Алексеевич тағайындалды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Бұл жайында Елорда әкімдігінің баспасөз орталығы жариялады.
Василий Алексеевич 1988 жылы туылған. Қостанай облысының тумасы.
Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген спорт шебері, екі олимпиада ойындарының қатысушысы, 2016 жылғы Олимпиада ойындарының күміс жүлдегері, әлем чемпионатының екі дүркін қола жүлдегері, Қазақстан тарихындағы алғашқы үш дүркін Азия чемпионы, Азия чемпионатының екі дүркін жүлдегері, бокстан халықаралық және ұлттық жарыстардың бірнеше дүркін жеңімпазы.
2022 жылдан бастап Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Қызметкерлерді физикалық шынықтыру басқармасының басшысы болып қызмет атқарды.