$ 494.87  520.65  4.91

«Время истекло»: Алматы дүкендерінде мерзімі өтіп кеткен азық-түлікке қарсы күрес жобасы іске қосылды (ВИДЕО)

Озбыр сауда нүктесінің иелері мерзімі өтіп кеткен азық -түлікті жоюдан бас тартып, дүкенде рейдке қатысушыларын сыртқа шығармай қойды.

Фото: видеодағы кадрдан алынды
Фото: видеодағы кадрдан алынды

Алматы дүкендерінде мерзімі өтіп кеткен азық-түлікке қарсы күрес жобасы іске қосылды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Жарамдылық мерзімі өткен азық-түліктерді сату жай заңға қайшы әрекет емес. Көптеген сатушылар тұтынушыларды уландыратын өнімдерді ұялмай сатып, салдарын елемейді. Бұл моральдық тұрғыдан қабылданатын дүние емес. Бұл мәселені құқық қорғау органдарының бақылауымен ғана шешу мүмкін емес. Әр адамның ой-өрісін өзгерту керек. Бұл мәселемен Жаңа адамдардан “Время истекло” жобасы бақылау сатып алу жүргізу арқылы айналысуда.

Бірінші болып Ади Шарипова 117 мекен-жайы бойынша орналасқан "Семейный" супермаркеті тексеріске түсті. Белсенділер мұнда мерзімі өткен өнімдердің бір арбасын жинады.

Озбыр сауда нүктесінің иелері мерзімі өтіп кеткен азық -түлікті жоюдан бас тартып, дүкенде рейдке қатысушыларын сыртқа шығармай қойды.

"Время истекло" жобасының белсенділері денсаулыққа қауіпті тауарды "мерзімі өткен тауарларды жойғышқа" жіберуге мәжбүр болды – бұл сауда нүктелерінің қызметкерлеріне тексеру аяқталғаннан кейін бүлінген тауарды дүкен сөрелеріне қайта орналастыруға мүмкіндік бермейтін арнайы құрылғы.

Жаңа адамдар азық-түлік дүкендері бойынша осындай рейдтерді жүйелі түрде өткізуді жоспарлап отыр. Егер сіз үйіңіздің жанындағы сауда нүктелерінде мерзімі өткен өнімдерді үнемі кездестіріп тұрсаңыз, комментарийде мұндай заң бұзушы дүкендердің мекен-жайын жазып кетіңіз.

"Семейный" дүкенінің өкілдері өздерінің қателіктерін түсінбеді, демек біз оларға міндетті түрде қайта баратын боламыз. Біз оларды пикеттерімізбен алматылықтарды жазасыз уландыру енді мүмкін болмайтындығын түсінгенше жалғастыратын боламыз, - деді "Время истекло" жобасының жетекшісі Ахтанбердиева Мадина

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары