29.02.2024, 21:30

Қостанай облысында анасы мен үш баласы уланып қалды

Фото: Freepik

Зардап шеккендер ауруханаға жатқызылды.

Қостанай облысында бір отбасының мүшелері пештен шыққан қауіпті газдан уланған, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Бүгін Қостанай облысының Федоровка ауылында жеке тұрғын үйде қатты отынмен жылытылатын пешті пайдалану ережесін бұзу себебінен бір әйел мен үш бала улы газдан уланып қалды.

Зардап шеккендер ауруханаға жатқызылды.

«Жылудың, электр құрылғыларының жағдайын қадағалаңыз, розетканың шамадан тыс жүктелуіне жол бермеңіз, ғимаратта темекі шекпеңіз» деп ескертеді төтенше жағдайлар департаментінен.