Менің міндетім - спортты танымал ету.
Archibalt лақапатымен танымал блогер Артур Асқарұлы Қазақстан футбол лигасының креатив директоры атанды, деп хабарлайды Skifnews.kz сайты.
Ол бұл туралы REVUE NEWS бағдарламасына берген сұхбатында бөлісті.
"Үлкен жауапкершілік, шаруа көп. Менің міндетім - спортты танымал ету. Анам мен бауырларым Астанада тұрады, енді оларға жиі барып тұрамын. Бейресми ақпаратты бөлісейін, жақында Алматыдан филиал ашылуы мүмкін, әзірге жоспарда тұр. Бір қызығы, футболға деген қызығушылықты әкем емес, анам ашты. 4 жаста анам ойынды түсіндіріп берді", - деді блогер.