$ 494.87  520.65  4.91

Бишімбаевтың ісі бойынша алдын ала тыңдау күні белгіленді

Бұрынғы Ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаевқа елордадағы мейрамханалардың бірінде әйелін ұрып өлтірді деген күдікпен қылмыстық іс қозғалған еді.

Фото: Kazinform
Фото: Kazinform

Экс-шенеунік Қуандық Бишімбаевтың ісі бойынша соталды тыңдау күні белгілі болды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

«2024 жылғы 11 наурызда алғашқы тыңдалым өтеді», - деді елорда сотының баспасөз қызметінен.

Күдікті Қ.Бишімбаевқа тағылған айып: 

  • ҚК-нің 99-бабы 2-бөлігінің 5) тармағы, адам өлтіру, басқа адамға қатысты құқыққа қарсы қасақана аса қатыгездікпен жасалған адам өлтіру, ҚК-нің 110-бабы 2-бөлігінің;
  • 1) тармағы бойынша кiнәлi адамға материалдық жағынан тәуелдi адамға қатысты жүйелі түрде ұрып-соғу немесе өзге де зорлық-зомбылық әрекеттері арқылы физикалық және психикалық қинау фактісі бойынша айып тағылған.

Күдікті Бақытжан Байжановқа тағылған айып: 

  • ҚК-нің 432-бабы, аса ауыр қылмысты күні бұрын уәделеспей жасырып қалу және ҚК-нің 434-бабы, белгілі аса ауыр қылмыс жасағаны туралы хабарламау фактісі бойынша айып тағылған.

Еске салсақ, 9 қараша күні бұрынғы Ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаевқа елордадағы мейрамханалардың бірінде әйелін ұрып өлтірді деген күдікпен қылмыстық іс қозғалған еді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 2
Ұнамайды 3
Күлкілі 1
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары