$ 494.87  520.65  4.91

Елдос Сметов Ташкенттегі турнирді жеңіспен бастады

Кубалық Шарон Жонаханмен белдесіп, қарсыласын айқын басымдықпен жеңді.

Фото: qarmaqshy-tany.kz
Фото: qarmaqshy-tany.kz

Бүгін Ташкентте дзюдодан әлемдік Grand Slam турнирі басталды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Бүгін, яғни алғашқы жарыс күнінде 4 салмақ дәрежесі бойынша жеңімпаздар мен жүлдегерлер анықталады, деп жазады kaz.inform.kz.

Атап айтсақ, бүгін Қазақстан сапынан Абиба Әбужақынова, Ғалия Тынбаева (48 келі), Аружан Ережепова, Балнұр Әбдешова (52 келі), Елдос Сметов, Нұрқанат Серікбаев (60 келі), Жанарыс Рахметқали, Ғұсман Қырғызбаев (66 келі) бастаған балуандар сынға түсіп жатыр.

Аталған татами шеберлері арасында Елдос Сметов алғашқы кездесуінде жеңіске жетті. 60 келіде кубалық Шарон Жонаханмен белдесіп, қарсыласын айқын басымдықпен жеңді.

Енді Елдос Сметов екінші белдесуін грузиялық Лухуми Геохвимианиге қарсы өткізеді. 60 келіде татамиге шыққан тағы бір қазақстандық балуан Нұрқанат Серікбаев бірінші айналымда тәжікстандық Мехрзод Суфиевті жарыс жолынан тайдырды. Алайда, үшінші айналымда ресейлік Аюб Блиевтен ұтылып қалды.

66 келіде Ғұсман Қырғызбаев саудиялық спортшыны жеңгенімен, қырғызстандық Айбек Қубанышбекуулына есе жіберді.

48 келіде Абиба Әбужақынов – Түрікменстан, ал Ғалия Тынбаева германиялық қарсыласын ұтса, 52 келіде Аружан Ережепова келесі айналымға өтті. 57 келіде Бақыт Құсақбаева бірінші белдесуде жеңіліп қалды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары