$ 441.66  475.14  4.86

QAZAQ AIR әуекомпаниясының басшысы қызметінен кетті

Еркін Әнесұлының авиациядағы тәжірибесі – 19 жыл.

Фото: Фото: flyqazaq.com
Фото: Фото: flyqazaq.com

2024 жылғы 29 ақпанда Еркін Наурызбаев «QAZAQ AIR» АҚ Басқарма төрағасы қызметін аяқтады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы. 

De-Havilland Dash 8-Q400 әуе кемесінің командирі және нұсқаушысы Еркін Әнесұлы Наурызбаев QAZAQ AIR әуекомпаниясын 2022 жылдың 9 қыркүйегінен бастап басқарды. Ол отандық әуекомпанияның тізгінін үстаған алғашқы қазақстандық авиация маманы. Еркін Әнесұлының авиациядағы тәжірибесі – 19 жыл.

"Басқарма Төрағасы болып жұмыс істеген уақытында әуекомпания Skytrax беделді халықаралық авиациялық рейтингінің нәтижелері бойынша екі рет Орталық Азия мен ТМД-ның үздік өңірлік әуекомпанияларының үштігіне кірді. 2023 жылы әуекомпания de-Havilland Dash 8-Q400 бес әуе кемесінде 588 мыңнан астам жолаушыны тасымалдады. Бұл – әуекомпания тарихындағы рекордтық көрсеткіш. Сондай-ақ, оның басқару кезеңінде халықаралық және тұрақты әуе маршруттарының саны артты, жаңа әлеуметтік маңызы бар өңірлік рейстер ашылды, сондай-ақ 2024 жылдың басынан бастап әуе билеттерін тарату желісі кеңейтілді", - делінген хабарламада.

Басқарма төрағасының міндеттерін уақытша атқару Нұрлан Мұратұлы Жақыповқа жүктелді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары