Керқұлан 1960 жылдардың аяғында табиғаттан мүлде жойылып кеткен.
Халықаралық «Жабайы жылқылардың оралуы» жобасы аясында биыл Еуропадан Қазақстанға керқұлан жылқысы әкелінеді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Сегіз жылқы тиелген Чехия мемлекетінің CASA C-295 ВВС екі ұшағы 2 маусым күні Прагадан (Чехия) және Берлиннен (Германия) ұшады да, екі мәрте аялдап, Орталық Қазақстандағы Арқалық жеріне қонады.
«Соңғы жабайы жылқыларды жабайы табиғатқа қайтару туралы енді-енді жаза бастадық», — дейді Прага зоопаркінің директоры Мирослав Бобек.
Біз Моңғолияда реинтродукция жүргізіп, ол жақтағы керқұландар популяциясын қалпына келтіре алдық. Енді Қазақстан үкіметі де бізге қолқа салып отыр. Біздің мақсат — келер 5 жылдың ішінде Алтын дала резерваты аумағына қырыққа жуық жылқы көшіріп апару.
Керқұлан 1960 жылдардың аяғында табиғаттан мүлде жойылып кеткен. Десе де, оның түрін сақтап қала алдық, бұл — нағыз тарихи жағдайдың бірі. Қолдан өсіруге арналған бағдарламалар арқасында Еуропадағы зоопаркілерде популяциясы тұрақтанды. Бұның арқасында керқұланды бұрын-соңды мекендеген өңірлеріне қайтаруға мүмкіндік туып отыр. Прага зоопаркінің Моңғолияда даласында жүргізген реинтродукция тәжірибелерінің арқасында жабайы жылқылар Қазақстанға қайтарылады.