$ 443.37  474.49  4.83

Елордалық өрт сөндірушілер 30 адамды құтқарды (ВИДЕО)

Қауіпсіз жерге 38 адам эвакуацияланды, оның ішінде 15 бала. 

Фото: видеодан алынған кадр
Фото: видеодан алынған кадр

Бүгін кешке Астана қаласында көпқабатты үйдің төртінші қабатындағы пәтерде өрт шықты, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Сағат 18:38-де жеткен елордалық өрт сөндірушілердің күшімен қазіргі уақытта 30 адам құтқарылды, оның ішінде 15 бала. Қауіпсіз жерге 38 адам эвакуацияланды, оның ішінде 15 бала.

Өртті сөндіруге елордалық ТЖД жеке құрамының 29 адамы және 8 техникасы жұмылдырылды.

30 ш.м. алаңдағы өрт сағат 19:29-да сөндірілді.

Өрт орнында үй тұрғындарын жылытуға арналған 2 автобус бар.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары