$ 439.43  473.31  4.82

Құтқарушы төрт айлық баланы өрттен аман алып шықты

Бұл жайында ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің telegram каналында жарияланды.

Фото: видеодан алынған кадр
Фото: видеодан алынған кадр

Төрт айлық баланы көпқабатты тұрғын үйдегі өрттен 1-МӨСБ өрт сөндіруші құтқарушысы Лесхан Мақсат Әбдіқайымұлы құтқарды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Бұл жайында ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің telegram каналында жарияланды.

Видеодан тұрғындардың өрт болған жерге қаймықпай кіріп, төрт айлық баланы алып шыққан Мақсат Әбдіқайымұлына айрықша алғыс білдіргенін көруге болады.

Құрметті, Төтенше жағдайлар министрі және министрдің орынбасары, Мақсатқа қажетті марапат пен құрмет көрсетуіңізді сұраймыз, - деді сөз соңында риза болған тұрғын.

Айта кетейік, бүгін кешке Астана қаласында өрт болған тұрғын үйден 38 адам эвакуацияланды, оның ішінде 15-і бала.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары