$ 442.05  474.14  4.74

Белгілі саясаткер Сейдахмет Құттықадам өмірден озды

Мемлекетті басқарудың мансап қана емес қоғам алдындағы үлкен жауапкершілік екенін, сондықтан ел билегендердің ең алдымен жанашыр болуы керектігін жете түсіндіретін.

Фото: madi_manatbek инстаграм парақшасынан
Фото: madi_manatbek инстаграм парақшасынан

Белгілі саясаттанушы, публицист, қоғам қайраткері Сейдахмет Құттықадам 78 жасқа қараған шағында дүниеден озды. Бұл туралы Skifnews.kz ақпарат порталы Stan.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды. 

Қоғам қайраткерінің қазасы туралы хабарды желіде жақындары мен жанашырлары жеткізе бастады. 

“Сейдахмет Құттықадам жазған әр кітабында, берген әр сұхбаты мен зерттеуінде демократия құндылықтарын насихаттайтын. Қатты айтса да анығын айтып, мемлекетті басқарудың мансап қана емес қоғам алдындағы үлкен жауапкершілік екенін, сондықтан ел билегендердің ең алдымен жанашыр болуы керектігін жете түсіндіретін”, – деп жазды Instagram желісінде Мәди Манатбек.

Сейдахмет Құттықадам 1946 жылы 9 мамырда Түркістан қаласында дүниеге келген. Ол әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетін бітіріп, өзінің дипломатиялық қызметін 1998 жылы ҚР СІМ Екіжақты ынтымақтастық департаментінің Еуропа және Америка басқармасының референті қызметінен бастаған.

Бірқатар республикалық газеттер мен журналдардың бас редакторы болып жұмыс істеген. Ол – Қазақстанның құрметті журналисі, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері және "Ұлт қызметі" (2009), "Қазақ драмасы" (2010) атты танымал кітаптардың авторы.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары