$ 441.66  475.14  4.86

Дмитрий Попко Аргентинадағы турнирдің финалына өтті

Қазақстандық теннисші осымен қатарынан төртінші рет ITF додасында финалға шығып отыр.

Фото: ҚТФ
Фото: ҚТФ

Қазақстандық, әлемнің 309-ракеткасы Дмитрий Попко Тукуман (Аргентина) ITF турнирінің финалына шықты, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Жарыстың 3-ракеткасы болып тіркелген қазақстандық теннисші жартылай финалда дүниежүзілік рейтингіде 352-орында тұрған аргентиналық Федерико Агустин Гомеспен кездесті.

Тартысты бәсекеде Д.Попко 4:6, 6:2, 6:1 есебімен жеңіске жетті.

Дмитрий Попко финалда әлемнің 335-ракеткасы, бразилиялық Педро Сакамотомен бас жүлдені сарапқа салады.

Қазақстандық теннисші осымен қатарынан төртінші рет ITF додасында финалға шығып отыр. Оның жеңіс сериясы 19 матчқа жетті.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары