03.03.2024, 14:30

«Ұлағатты ұрпақ тәрбиеледі»: Президент Сейдахмет Құттықадамның қазасына байланысты көңіл айтты

Фото: Ақорда

Сейдахмет Рысқожаұлының жарқын бейнесі оны білетін жұртшылықтың жүрегінде мәңгі сақталады.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев белгілі журналист, ғалым, қоғам қайраткері Сейдахмет Құттықадамның дүниеден өтуіне байланысты отбасы мен жақын туыстарына көңіл айтты, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ: Белгілі саясаткер Сейдахмет Құттықадам өмірден озды

Сейдахмет Рысқожаұлы ұзақ жылдар ұлттық ғылымның, отандық журналистиканың дамуына елеулі үлес қосып, ұлағатты ұрпақ тәрбиеледі. Айналасына сыйлы азаматтық болмысымен баршаның зор құрметіне бөленген Сейдахмет Рысқожаұлының жарқын бейнесі оны білетін жұртшылықтың жүрегінде мәңгі сақталады. Марқұмның иманы саламат, жаны жәннатта болсын, – деп жазылған жеделхатта.

Естеріңізге сала кетейік, танымал публицист, саясаттанушы, мемлекет және қоғам қайраткері Сейдахмет Құттықадам 78 жасқа қараған шағында дүниеден озды.