$ 443.44  480.51  4.88

Синоптиктер: Қазақстанның басым бөлігіне су тасқыны қаупі төніп тұр

Күн күрт жылынған жағдайда жазық өңірлерде еріген қар суы тасқынға ұласып, жағдай кез келген уақытта ушығып кетуі мүмкін.

Фото: Pixabay
Фото: Pixabay

Синоптиктер еліміздің басым бөлігіне су тасқыны қаупі төніп тұр деп болжады. Бұл туралы Skifnews.kz ақпарат порталы КТК арнасына сілтеме жасап хабарлайды.

Мамандар әсіресе солтүстік, орталық, шығыс пен батыс аймақтар басты назарда екенін айтты. Синоптиктер су басу бойынша негізгі болжамды жариялады.

Жазық аумақтарда Солтүстік Қазақстан, Ақмола, Қарағанды, Қостанай, Ұлытау, Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Атырау облыстары. Орташа су басу қаупімен Жетісу облысы, Жамбыл, Түркістан және Қызылорда облыстары. Көктемгі су тасу негізгі факторлары күзгі ылғалдану, қар қоры, жауатын жауын-шашын және ауа температурасы. Белгіленген аймақтарда осы көрсеткіштер қалыптан жоғары, – дейді «Қазгидромет» РМК гидрологиялық болжамдар басқармасының бастығы Cерік Ыбраев.

Ал Маңғыстау облысына гидрометеорология бақылауына сәйкес, су тасқыны қаупі жоқ. Күн күрт жылынған жағдайда жазық өңірлерде еріген қар суы тасқынға ұласып, жағдай кез келген уақытта ушығып кетуі мүмкін.

Оған қоса еліміздің басым бөлігінде қар аралас жаңбыр жауып, қыс ызғары қайта сезіліп, көктемнің алғашқы айы суықтау болады деп болжанып отыр. Тіпті наурыздың орта тұсында кей амақта қатты аяз бен бұрқасын күтілуде. Ал нағыз жайлы көктем сәуірде келеді екен.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары