$ 494.87  520.65  4.91

Наурыз айында ауа райы қалай болады

Наурыз мейрамында көктемге сәйкес ауа райы күтіледі.

Фото: pixabay.com
Фото: pixabay.com

Синоптиктердің болжамынша, наурыз айының ортасында Қазақстанда күн жылынады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

 «Қазгидрометте» өткен брифингте еліміз бойынша наурызда күн райы қалай құбылатыны белгілі болды.

Синоптиктер мәліметінше, еліміздің басым бөлігінде ауа температурасы қалыпты шекте болады деп күтіледі.

«Қазгидромет» РМК директоры Марина Шмидттың айтуынша, наурызда жалпы алғанда республиканың басым бөлігінде орташа айлық температура қалыпты шамада және Қызылорда, Түркістан облыстарының оңтүстік-шығысында және Жамбыл облысының оңтүстік-батысында нормадан бір градусқа жоғары болады деп күтіледі.

Ол наурыздың екінші онкүндігінде еліміздің барлық дерлік аумағында айтарлықтай салқын толқын күтілетінін де айтты.

Екінші онкүндікте солтүстік облыстарда ауа температурасы түнде -15...-20, оңтүстік облыстарда -0...-8 градусқа дейін төмендейді деп күтеміз. Үшінші онкүндікте – Наурыз мейрамында көктемге сәйкес ауа райы күтіледі. Ал солтүстік облыстарда күндізгі температура нөлден жоғары, +3...+13, оңтүстікте әлдеқайда жылы, +15...+20 дейін болады деп үміттенеміз, - деді «Қазгидромет» басшысы.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары