05.03.2024, 11:00

Қайырымдылық жасап жүрген бетперделі жігіт өзінің қайғылы оқиғасымен бөлісті

Фото: Instagram/chelovekvmaskee

Осы кезде менің өмірлік миссиям – адамдарға көмектесу екенін түсіндім.

Көпке жасаған қайырымдылығы мен бетпердесі арқылы танылған жұмбақ жігіт өз өміріндегі қайғысымен бөлісті, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы Аtameken business арнасына сілтеп.

Қайырымдылыққа бет бұрған жігіт бұл әрекетін бала күннен бері армандағанын айтады. 

Орал қаласының 27 жастағы тұрғыны әкесінің сырқатынан кейін қайырымдылық жасауға асыққан. 

2020 жылы әкем инсульт алып, мен үшін өте ауыр жыл болды. Әкеме жұмыс істеуді, жүруді, жазуды, сурет салуды барлығын қайта үйретуге тура келді. Осы кезде менің өмірлік миссиям – адамдарға көмектесу екенін түсіндім. Бетперде таққан адам – бұл образ. Адамдар осы образға ұқсауға ұмтылулары қажет, – дейді бетперделі блогер.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ: 

Бетперде таққан белгісіз жігіт көпбалалы анаға пәтер сыйлады (ВИДЕО) Қара бетперде киіп, қайырымдылықпен айналысып жүрген жігіттің кім екені белгілі болды