$ 439.43  473.31  4.82

Бүгін – белгілі журналист Айгүл Мүкейдің туған күні

«Құрмет» орденімен, «Астананың 10 жылдығы» медалімен, марапатталған.

Фото: aigulmukei инстаграм парақшасынан
Фото: aigulmukei инстаграм парақшасынан

Осыдан 49 жыл бұрын (1975) белгілі журналист Айгүл Адиятоллакызы МҮКЕЙ дүниеге келді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Целиноград қаласында туған. 1996 жылы Ақмола мемлекеттік педагогикалық университетінің филология факультетін, 2002 жылы Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының кино факультетін бітірген.

Еңбек жолы: 1992 жылы «Эфир» телекомпаниясының редакторы, жүргізушісі (Ақмола қаласы), 1999-2008 жылдары «Хабар» Агенттігі» АҚ жүргізушісі, журналисі, Ақпараттық бағдарламалар дирекциясы директорының орынбасары, 2008-2014 жылдары «Хабар» Агенттігі» АҚ «Ел арна» телеарнасының директоры - Т. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының аға оқытушысы - «ТВ продюсерлері» шеберханасының жетекшісі. 2014 жылы «Астана ЭКСПО-2017» ұлттық компаниясы баспасөз қызметінің басшысы, маркетинг департаменті директорының орынбасары болды. 2015 жылғы желтоқсаннан SNC Kazakhstan журналының бас редакторы қызметін атқарды. Бас редакторлар клубының вице-президенті, «Томирис» іскер әйелдер клубының мүшесі, 2023 жылы «Без прикрас» бағдарламасының жүргізушісі, «Jibek Joly» телеарнасының әйелдерге арналған жаңа «ÖZGER» бағдарламасында жүргізуші Айгүл Мүкей аймақтардағы сюжет кейіпкерін тауып, оның қызықты өмір тарихын ашып, трансформация арқылы қиын өмірлік жағдайдан шығуға көмектеседі.

«Құрмет» орденімен, «Астананың 10 жылдығы» медалімен, марапатталған.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 5
Ұнамайды 2
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары