Лада Ларгус және Тойота Хайлюск көлігі соқтығысқан.
Ақтөбе облысында жол-көлік апаты болып, 8 адам көз жұмған. Бір көлік өртеніп кетті, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Ақтөбе облыстық денсаулық сақтау басқармасының хабарлауынша, оқиға бүгін сағат 08:36–да тіркелген.
Ақтөбе-Атырау тасжолында Лада Ларгус және Тойота Хайлюск көлігі соқтығысқан.
Жол-көлік апаты кезінде Лада Ларгус көлігі жанды. Барлығы 8 адам көз жұмды. Сонымен бірге 3 адам Мұғалжар аудандық ауруханасына жеткізіліп, дәрігерлер қарап шықты, — деп хабарлады Ақтөбе облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Нұрбол Тымпиев.
Айта кетейік, жолаушылар арасында балалар да болған.
Қазіргі кезде олардың жасы мен аты-жөні анықталып жатыр.