$ 498.34  519.72  4.85

Елімізде көліктерге салынатын салық өзгереді

Халыққа жүктемені азайтуға бағытталған басқа да ұсыныстар бар.

Фото: Pixabay
Фото: Pixabay

ҚР Қаржы вице-министрі Ержан Біржанов елімізде көлік салығының мөлшерін қайта қарау мүмкіндігіне түсінік берді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы. 

Қазір көлікке қатысты жұмыс тобы тиісті талқылау өткізді. Біз бұл мәселені «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасымен Үкімет деңгейінде қарастырып жатырмыз. Ресми мәлімдеме жасауға әлі ерте, өйткені шешім әлі түпкілікті қабылданған жоқ. Біз 20-30 жыл пайдаланылып келе жатқан ескі көлікке қатысты мәселе көтеріп жатырмыз. Яғни, түзету коэффициентін қолдануды ұсындық, яғни оларға жаңа автомобильге арналған ставка бойынша салық салынбайды. Сонымен қатар, халыққа жүктемені азайтуға бағытталған басқа да ұсыныстар бар. Ал егер тым қымбат көлік болса, бұл ретте сән-салтанат салығы ескерілмек. Осы арқылы салық жүктемесін қайта бөлу мүмкіндігі пысықталып жатыр, - деді Е. Біржанов Сенаттың жалпы отырысынан кейін тілшілер сұрағына жауап бере отырып.

Бұл тұрғыда вице-министр бұл ұсыныстар бойынша нақты шешім жасалмағанын атап өтті.

Бүкіл ұсыныстар пысықталғаннан кейін түпкілікті шешім қабылдаймыз. Жақында жаңа Салық кодексінің жобасы таныстырылады, - деді ол.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары