$ 494.87  520.65  4.91

Мас күйінде қызметтік көлікпен ұсталған әкімінің орынбасары қызметінен босатылды

Осы мәлеле бойынша Ақмола облысы бойынша Мемлекеттік қызмет істері департаментінің бас маманы Бауыржан Нұрмағамбетов баяндама жасады.

Фото: kaz.inform.kz
Фото: kaz.inform.kz

Мас күйінде қызметтік көлікпен ұсталған Зеренді ауданы әкімінің орынбасары қызметінен босатылды. Бұл туралы Ақмола облысы бойынша мемлекеттік қызмет істері департаментінің әдеп жөніндегі кеңестің көшпелі отырысында мәлім болды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы kazinform.kz сайтына сілтеме жасап.

Кеңесте Зеренді ауданы әкімінің қызметтік тәртіпті нығайту, қызметтік әдеп норма бұзушылықтарын алдын алу туралы есебі тыңдалды.

Сонымен қатар, біліктілік талаптарына сәйкестігі тұрғысынан жергілікті атқарушы және орталық мемлекеттік органдарда мемлекеттік әкімшілік лауазымға адамдарды тағайындауға талдаудың қорытындысы қаралды.

Бұдан бөлек, кеңесте мас күйінде қызметтік көліктің руліне отырып, артынша полиция ұстаған Зеренді ауданы әкімінің орынбасары Есімхан Байғабыловқа қатысты тәртіптік іс қаралды.

Осы мәлеле бойынша Ақмола облысы бойынша Мемлекеттік қызмет істері департаментінің мемлекеттік қызмет саласындағы бақылау басқармасының бас маманы Бауыржан Нұрмағамбетов баяндама жасады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары