07.03.2024, 17:40

Парамен ұсталған Сәтбаев әкімінің ісі сотқа жетті

Фото: Сәтбаев әкімдігі

Бірінші сот отырысы 11 наурызға белгіленген.

Ақпан айының ортасында пара алды деген күдікпен ұсталған Сәтбаев қаласының әкімі Шапағат Әубәкіровке қатысты іс қалалық сотқа берілді. Алғашқы сот отырысының күні белгіленді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы

Шапағат Момынбайұлы Әубәкіровке қатысты қылмыстық іс Сәтбаев қалалық сотына 1 наурызда түскен. 

Бірінші сот отырысы 11 наурызға белгіленген. 

Сәтбаев қаласының әкімі Шапағат Әубәкірге ҚР ҚК-нің 366-абы 2 -бөлігі бойынша айып тағылып отыр. 

Бұл күні сот отырысында сонымен қатар қала басшысына пара берген адамға да қатысты іс қарастырылады.