08.03.2024, 11:30

Бибісара Асаубаева жеңісі үшін қомақты сыйақы алды

Фото: Спортты дамыту дирекциясы

Негізгі байқаудың жүлде қоры – 15 миллион рубльді (шамамен 74 миллион) құраған. 

Қазақстандық шахматшы Бибісара Асауба «Аэрофлот Опен 2024» шахмат фестивалінде бірінші орын алғаны үшін қомақты қаражатқа ие болды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Жарысқа FIDE рейтингінде 2 мың 300 ұпайдан жоғары шахматшылар қатысқан.

Асаубаевамен бірге фестивальде еліміздің намысын Қазбек Нөгербек (18 орын), Даниал Сапенов (21), Рамазан Жалмаханов (38), Әлішер Сүлейменов (65) қорғады. Турнирге барлығы 500-ден астам адам қатысты, – делінген Қазақстан шахмат федерациясының хабарламасында.

Негізгі байқаудың жүлде қоры – 15 миллион рубльді (шамамен 74 миллион) құраған. Ал балалар турнирінің бұрын-соңды болмаған жүлде қоры 1 миллион рубль (5 миллион теңге шамасында) болғаны айтылады.

Еске салсақ, бұған дейін Бибісара Асаубаеваның Мәскеудегі шахмат фестивалінде жеңіске жеткенін жазғанбыз.