$ 494.87  520.65  4.91

Астана еріктілері елордалық қыз-келіншектерге қуаныш сыйлады

Астаналық қаракөздеріміз бөгде адамдардың күтпеген жерден гүлмен құттықтауы қуаныш сыйлағанын жасырмады.

Фото: gov.kz
Фото: gov.kz

«Астана жастары» жастар ресурстық орталығының еріктілері елорда тұрғындарын 8 наурыз мерекесімен құттықтап, гүл шоқтарын сыйлайды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Қала әкімдігінің мәлімдеуінше, іс-шараның мақсаты – халықаралық әйелдер күнінің маңыздылығына назар аудару, сондай-ақ мерекелік көңіл-күй сыйлау.

«Біз шоколад пен гүл тараттық. Бұл акция арқылы әйелдерге күлкі, жақсы көңіл күй мен жағымды эмоция сыйлағымыз келді. Айта кетері, бұл іс-шараны кешеден бері өткізіп жатырмыз», - деді еріктілердің бірі Айдан Байғандыев.

Астаналық қаракөздеріміз бөгде адамдардың күтпеген жерден гүлмен құттықтауы қуаныш сыйлағанын жасырмады.

«Жастарға көрсеткен құрметі үшін алғыс айтамын. Осы керемет күнде баршаңызға бақыт пен махаббат тілеймін», - деді Жамал Айтпаева.

Еріктілер қазірдің өзінде мыңнан аса қызғалдақ сыйлады. Акция әлі де жалғасып жатыр.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары