Алдын ала ақпаратқа сәйкес, жолды басқан судың ені – 20 метр, биіктігі – 3-5 см шамасында.
Ақтөбе облысында республикалық маңызы бар А-26 «Қандыағаш-Ембі-Шалқар-Ырғыз» жолын су басты, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы BAQ.KZ сайтына сілтеме жасап.
Бүгін кешкі сағат 17.00-де жолдың 194 шақырымында еріген қардың суы жиектегі бөгетті шайып, жолға шығып кетті. Облыста күн жылынып, қар жылдам ери бастаған.
Алдын ала ақпаратқа сәйкес, жолды басқан судың ені – 20 метр, биіктігі – 3-5 см шамасында.
Аталған учаскеде су өткізгіш құбыр жоқ. Еріген қар суын тоқтату үшін ДЭУ-13 күші жұмылдырылды, - делінген ресми хабарламада.
Ол жерге 10 жұмысшы, бір жүк көлігі мен жүк тиегіш жіберілді. Сондай-ақ 100 қап құм жеткізілді.