08.03.2024, 23:30

Атырау облысында 2500 га жерді өрт шалды

Фото: Pixabay

Баруға қиын батпақты аймақтың 148 гектарында қамыс күйіп тұр. 

Атырау облысы  Құрманғазы ауданы Құрманғазы ауылынан 40 шақырым жерде «Құрманғазы орман шаруашылығы» КММ аумағында Каспий теңізінің жағалауында табиғи өртті сөндіру жұмыстары жалғасуда, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, баруға қиын батпақты аймақтың 148 гектарында қамыс күйіп тұр. Батпақты рельеф тілсіз жаумен күресуге кедергі келтіріп тұр.

Өрттің жалпы аумағы 2500 гектарды құрайды, оның 277 гектары төтенше жағдайлар қызметінің күшімен сөндірілді, 2075 гектары өздігінен жойылды. Елді мекендерге қауіп төніп тұрған жоқ.

Өртті жоюға 56 адам, 9 мотопомпа, 11 моторлы қайықтан тұратын ТЖ, орман шаруашылығы, ЖАО күштері мен құралдары тартылды.