09.03.2024, 20:30

Ақтауда мереке күні алып сәби дүниеге келді

Фото: pixabay

Туылған балалар ішіндегі салмағы ең азы - 2 700 грамм, бойы - 49 сантиметр.

Халықаралық әйелдер күні Ақтаудағы перинаталдық орталықта 22 бала дүниеге келді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Маңғыстау облыстық көпсалалы ауруханасының баспасөз қызметінің мәліметінше, мереке күні тоғыз қыз және 13 ұл бала дүниеге келген.

Ең ірі салмақ ұл балада болды: 60 сантиметр, 5 380 грамм.

Ауруханада атап өткендей, мұндай көрсеткіштегі бала алып болып саналады.

Туылған балалар ішіндегі салмағы ең азы - 2 700 грамм, бойы- 49 сантиметр.